Астанада «Нұр Отан» партиясының XV съезі ашылды

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезі өтуде.
None
None

Съезд жұмысына партияның барлық өңірлік филиалдарынан келген 1200-ге тарта делегат пен үкіметтік емес, жастар ұйымдары, дипломатиялық корпус өкілдері, мәдениет пен спорт қайраткерлері, мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер басшылары сияқты мыңнан астам шақырылған қонақтар қатысуда.

Алқалы жиында Тәуелсіздік жылдарында қалыптасып, уақыт сынынан өткен құндылықты бағыт-бағдарларды нығайтуды үндейтін «Нұр Отан» партиясының жаңа саяси Доктринасының жобасы, алдағы онжылдықтағы міндеттері делегаттар талқысына салынбақ. Сонымен бірге съезд барысында партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер жасау, бақылау-тексеру органдарының бірқатар мәселелерін қарау көзделуде.

Айта кетерлігі, бұдан бөлек осы күні «Нұр Отан» ХДП Көшбасшысы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Үкімет мүшелері, өңірлік филиалдар басшылары қатысатын партияның Саяси кеңесі бюросының кеңейтілген отырысы өтетіндігі жоспарлануда. Онда партияның жаңғыртылуына, аппаратының жұмыс тиімділігін түбегейлі арттыруға байланысты нақты тапсырмалар берілмек.

Соңғы жаңалықтар