Астанада облыс әкімдерінің орынбасарлары ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылауға жиналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында облыс әкімдерінің ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары үшін «Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері: халықаралық тәжірибе мен Қазақстан Республикасы» тақырыбында үш күндік семинар өз жұмысын бастады.
None
None

Семинарды Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды академияның баспасөз қызметінен.

Семинардың мақсаты Ұлт жоспарына - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамына сәйкес тәжірибелік шараларды әзірлеу мен талқылау болып табылады.

Семинар жұмысына Польшадан келген профессор Ержи Бански қатысты, ол қатысушыларға өз еліндегі ауыл шаруашылығын дамытудың күрделі мәселелері мен табысты реформалары туралы айтып берді, сондай-ақ ЕО-тың ауыл шаруашылығы саласындағы саясатымен таныстырды.

Іс-шара барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері әкімдер орынбасарларына АӨК саласында мемлекеттік қызметтер ұсыну, ЕАЭО мен ДСҰ жағдайында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту келешегі, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік субсидиялар туралы айтып береді. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлері ауыл шаруашылығын басқару үшін ғарыш технологияларын пайдалану тәжірибесімен бөліседі. Сонымен қатар АӨК кредиттеу мәселелері бойынша қатысушыларға «ҚазАгро» АҚ мамандары кеңес береді.

Семинар шеңберінде ҚР Президенті Әкімшілігі басшылығының, ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің, сондай-ақ ҚР ПӘ мемлекеттік инспекторларының қатысуымен мәжіліс өтеді.

Соңғы жаңалықтар