Астанада өгей әкесі асыранды ұлын пышақтап өлтірді

АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астана қаласы ІІД жедел басқару орталығына түнгі уақытта «Оңтүстік-Шығыс» ықшамауданы аумағында кісі өлтірілгені туралы хабар келіп түсті.

Астанада өгей әкесі асыранды ұлын пышақтап өлтірді

Оқиға орнына келген, жедел-тергеу тобынан құралған полиция қызметкерлері, жазғы баспана дәлізінен қорлап өлтіру белгілері бар ер адамның мүрдесін тапты (ер адам көкірек тұсына түйрей салынған жарақаттан көз жұмған).

Қаза тапқан адамның жеке басының мәліметтері анықталды. Ол астанада уақытша тұрып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Полицейлер оқиға куәгерлерінен сұрақ-жауап алу барысында болған оқиғаның мән-жайын анықтады.

Құрбан болған азамат өзінің 48 жастағы өгей әкесімен бірге ішімдік ішкен. Содан кейін олардың арасында ұрыс-керіс шығып, аяғы төбелеске ұласқан. Өгей әкесі баласының кеудесіне пышақ жарақатын салып, ол оқиға орнында көз жұмған.

Қылмысқа күдікті адам көп ұзамай қолға түсті. Күдікті ауыр қылмысты жасағанын мойындайтын түсініктеме берді. Сондай-ақ, ол бұрындары да бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, үш рет сотталған болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 103-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Астана қаласы ІІД уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.