Астанада оқушыны көлікпен қағып өлтірген әйел жол апатын болдырмауы мүмкін еді - ІІД

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада оқушыны көлікпен қағып өлтірген әйел жол-көлік апатын болдырмауы мүмкін еді. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Еске сала кетейік, 25 мамыр күні күндізгі сағат 12-нің шамасында Астана қаласының 32 жастағы тұрғыны Toyota Land Cruiser Prado маркалы көлігімен Иманов көшесімен жүріп келе жатқанда Қажымұқан-Сәтбаев көшелерінің қиылысында оң жаққа бұрыларда жаяу жүргіншілерге арналған жолда 11 жасар баланы қағып кетті. Жол-көлік апаты салдарынан жасөспірім алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабының 3 бөлімімен («жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көліктік құралдарды пайдаланушы тұлғалардың көліктік құралдарды пайдалану ережелерін бұзу») қылмыстық іс қозғалды.

«ҚР ҚК-нің 345 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді. Тағайындалған сот-автотехникалық сараптаманың қорытындысы бойынша, «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы көліктің жүргізушісінің жаяу жүргіншіні қағып кетпеудің техникалық мүмкіндігі болған», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айыпталушы әйелге бес жылға дейін түрмеге қамау жазасы берілуі, сондай-ақ белгілі бір қызметтерге орналасу немесе белгілі бір қызметпен 5 жылға дейін мерзімге айналысу құқығынан айырылуы мүмкін. Сонымен бірге, ҚР Қылмыстық кодексінің 74 бабының 1 бөліміне сәйкес сот қамауға алу жазасын әйелдің жүктілігіне байланысты кейінге қалдыруы ықтимал екенін атап өту керек.

Соңғы жаңалықтар