Астанада онлайн форматта жұмыс жәрмеңкелері өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Ертең елордада бос жұмыс орындарын ұсынатын екі жәрмеңке өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Олжас Омар мәлім етті. 

жұмыс
Фото: Астана қалалық жұмыспен қамту басқармасы

«18 шілде күні онлайн форматта екі жұмыс жәрмеңкесі өтеді. Біріншісі сағат 11:00-де «ҚазМұнайГаз» АҚ компаниялар тобы ұйымдастыруымен мүгедектігі бар жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі. Ол жерде компаниялардың ресми өкілдері бос жұмыс орындары туралы айтады. Екінші жұмыс жәрмеңкесі барлық санаттағы азаматтарға арналған. Ол сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін «enbek.kz» порталында өтеді. Оған қатысу үшін бүгін tanda.enbek.kz тіркелуі қажет», - деді Олжас Омар Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, енді Астанада жұмыс берушілер қажетті мамандарды даярлауға өтінім бере алады.

Соңғы жаңалықтар