Астанада Оралхан Бөкейдің ағылшын тіліндегі «Кісі киік» кітабының тұсауы кесілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада қазақтың біртуар қаламгері Оралхан Бөкейдің ағылшын тіліндегі «Кісі киік» кітабының тұсауык есілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Астанадағы «Марриотт» қонақ үйінде өткен тұсаукесерге Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асқар мен елімізге белгілі жазушылар Қуанышбай Құрманғали, Кәдірбек Сегізбаев келді. Сонымен бірге, айтулы шараға кітапты аударған Саймон Холлингсворт пен Саймон Гейган Лондоннан арнайы ұшыпкеліп, шараға қатысты.

Халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті, белгілі публицист Бигелді Ғабдуллиннің айтуынша, жазушының кітабын ағылшын тіліне аударуға «Қазақтелеком» АҚ демеушілік еткен. Бигелді Ғабдуллин ағылшын тіліндегі басылған кітапты ең бірінші жазушының қарындасы Ғалия Бөкейқызына сыйлады.
.

null 

«Халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті болып келгелі алдымызға бір мақсат қойдық. Біз әдебиетін ғана емес, қазақтың өзін әлі де толық танып жатыр деп айта алмаймыз. Абайымызды білмейді. Сондықтан, біздің әдебиетімізді әлемгетанытудың бір ғана жолы бар - ол қазақтың танымал ақын-жазушыларының кітаптарын ағылшын тіліне аудару. Сенің жазушы ретінде ағылшын тілінде кітабың шықпаса, сен дүние жүзінде жоқсың. Лондондағы аударма шеберлерінің сапалы жұмысы бағаланып, осы елдегі ұлттық әдебиеттің ең сәтті аударылған туындыларының қатарына еніп отыр. Енді Лондондағы Penguin баспасы өзінің қаржысымен Мұхтар Әуезовтың кітабын басып, аудармашыларға қаламақысын бергелі отыр», - дейді Бигелді Ғабдуллин.

Айта кетсек, осы уақытқа дейін Қазақ ПЕН клубы демеушілердің көмегімен ағылшын тілінде Мұқағали Мақатаевтың «Таңдамалы өлеңдері», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры», Олжас Сүлейменовтың, Герольд Бельгер мен Смағұл Елубайдың кітаптарын басып шығарған.

 null  null   

Соңғы жаңалықтар