Астанада Орталық әмбебап дүкен ғимараты сүріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешев елордалық Орталық әмбебап дүкен ғимаратын сүріп тастау жоспарланғанын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Биыл Орталық әмбебап дүкен орнына заманауи сауда кешені бар жаңа ғимарат салуды қарастыратын жоба басталады. Орталық әмбебап дүкен ғимараты келесі жылы сүріледі», - деп мәлім етті қала басшысы өзінің Facebook парақшасында Sine Tempore сауда үйінде болған келеңсіздікке қатысты жауап беру барысында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Желіде Sine Tempore күзетшілерінің әйелге тінту жүргізіп жатқан видеосы жарияланған еді.

 «Сине Темпоре күзетшілері шектен шығып бітті! Қандай да бір дүңгіршекте бір нәрсе ұрланыпты, күзет сауда үйінің барлық есіктерін жауып, «күдікті» деп тапқан әйелге тінту жүргізді.  Әйелден түк таппаған күзетшілер бұрылды да кете барды. Кешірім де сұрамады!!! ЭКСПО-ға лайық сервис... P.S. Ал енді мына әйелді турист деп елестетейік. Мәселен, Минскіден Астананы көруге келді. Еске сала кетейін, жеке күзеттің мұндай әрекетке заң бойынша құқықтары жоқ! Күзет нысаны аумағында азаматтарды қамап қоюға да хақылары жоқ», - деп жазды Фейсбукке Астана тұрғыны Юлиана Евгеньевна.

Соңғы жаңалықтар