10:25, 03 Шілде 2009 | GMT +5
Астанада Орталық Азия елдері жүрек-қан тамырлары аурулары хирургтерінің ІІІ съезі өз жұмысын бастады
АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында Орталық Азия елдері жүрек-қан тамырлары аурулары хирургтерінің ІІІ съезі өз жұмысын бастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екі күндік алқалы басқосуға Ресей, Сингапур, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның жетекші хирург ғалымдары шақырылып отыр. Съезде Орталық Азия елдерінде кардиохирургия саласындағы өзекті мәселелер талқылануда.
ҚР Ұлттық ғылыми медициналық орталығының директоры Абай Байгенжиннің айтуынша, бүгінде Қазақстанда жүрек-қан тамырлары сырқаттарының салдарынан көз жұмғандардың саны өсіп келеді.
Ал ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің сөзіне қарағанда, «Қазақстан Республикасындағы кардилогиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту» салалық бағдарламасы аясында 25 млрд. теңге бөлініп отыр.