Астанада отандық жас кәсіпкерлер үшін семинарлар өткізіледі

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - «Болашақ» қауымдастығы 10-11 қазан күндері Астана қаласында 30 жасқа толмаған жас кәсіпкерлер үшін екі семинар өткізеді.
None
None

Семинар тақырыптары - «Маркетингтік талдау мен нарықты бағалау» және  «Адами ресурстарды басқару». Бұл туралы «Болашақ» қауымдастығынан хабарлады.   

Семинарларды Халықаралық бизнес академиясының тәжірибелі маманы BI Group Холдингінің басқарушы директоры Юлия Дмитриева мен «Билд Инвестментс Групп» АҚ қызметкерлер құрамы бойынша басқарушы директоры Юлия Ковалева өткізеді. Бағдарлама шеңберінде тематикалық дәрістер мен іскерлік ойындар ұйымдастырылады.

Шараларға Қазақстанның сегіз өңірінен (Ақмола, Павлодар, Көкшетау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары, Астана, Алматы қалалары) барлығы 40 жас кәсіпкер қатысады деп жоспарланған.

Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысыменөткізілуде.

Соңғы жаңалықтар