Астанада отбасылық жүгіру іс-шарасында бағалы сыйлықтар ойнатылады

АСТАНА. KAZINFORM — Елорданың Триатлон саябағында 24 қараша күні Jeniske birge jugir отбасылық жарысы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

жарыс
Фото: Kazinform

Әрбір қатысушы отбасы жүгіретін жалпы қашықтық үш деңгей бойынша өтеді: 2 км 300 м — әкесі, 0,5 км — анасы, 0,2 км — балалар.

Жарысқа ата-анасының біреуі болмаған жағдайда жақын туыстары қатыса алады.

Алғашқы үш орын үшін әкелер сыйлық ретінде теледидар алады. Аналар арасында бірінші орын үшін микротолқынды пеш, екінші орын үшін — шаңсорғыш, үшінші орын үшін — термопот беріледі.

Балалар арасында бірінші болып жеткенге — планшет, екінші орынға — смартфон, үшінші орынға ақылды сағат беріледі.

Жас санаттары (балалар):

— 8-9 жас;
— 10-11 жас;
— 12-13 жас.

— Жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 21-24 қараша аралығында онлайн режимінде өтеді. Жарыс күні басталғанға дейін тіркелуге болады. Жарыстың басталуы 24 қараша күні сағат 13:00–де. Мәреде қатысушылардың бәріне естелік медальдар беріледі. Іс-шара соңында 10 велосипед ойнатылады, — деп түсіндірді ведомство.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы басталғаны мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар