Астанада өтетін халықаралық ғылыми-практикалық конференция жетекші онкологтардың басын қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 26-27 қарашада «Қатерлі жаңа түзілімдерді емдеудің мультидисциплинарлық және инновациялық технологиялары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Ол Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлады astana.gov.kz.
None
None

Конференцияға қатысу үшін Англиядан, Франциядан, Ресей мен Қазақстаннан онкология саласының жетекші мамандары шақырылды. Конференция бағдарламасы онкология ғылымы мен тәжірибесінің ең заманауи мәселелері мен жетістіктеріне арналған.

Конференцияда онкология саласында дәрі-дәрмекпен емдеуді дамытудың әрі қарайғы тактикасын әзірлей отырып, онкологиялық аурулардың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарын талқылау жоспарлануда. Бұл конференция елордалық дәрігерлердің Қазақстанның, сондай-ақ таяу және алыс шетелдердің жетекші клиникаларының мамандарымен тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. Жыл сайын елімізде химиялық препараттармен дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету жақсарып келеді, жаңа химиялық препараттар енгізілуде, жоғары кәсіби деңгейде ісікке қарсы арнайы дәрі-дәрмекпен емдеу жүргізіледі.

Дәрігерлердің білімі мен біліктілігін жетілдіруге, онкологиялық ауруларды емдеудің еуропалық стандарттарға сай жаңа технологияларын ендіруге ерекше көңіл бөлінеді.

Осы жылы қалалық Онкологиялық орталық базасында жаңа медициналық кластердің ашылғанын атап өткен жөн, оның құрамында VARIAN (АКШ) жасап шығарған TRUEBEAM жоғары энергетикалық желілік жеделдеткіші бар. Ем заманауи технологияларды қолдана отырып обырдың барлық түрлерін сәулемен емдеуге мүмкіндік береді

Соңғы жаңалықтар