Астанада өтетін халықаралық конференцияда ТМД елдеріндегі діннің рөлі талқыланады

Дін істері агенттігінің хабарлауынша, кездесуге Қазақстандағы Ресей елшісі М.Н.Бочарников, Украина елшісі О.А.Демин, Әзірбайжан елшісі Закир Ариф оғлы Гашимов, Армения елшісі В.Х.Казарян, сондай-ақ Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстан елшіліктерінің аға дипломаттары қатысты.
«Таңдалған тақырыптың көкейкестілігі бірнеше себептерге байланысты. Кеңес Одағы ыдырап, тәуелсіз елдер қалыптасқаннан кейін халық арасында идеологиялық вакуумның пайда болу проблемасы туындады, ол бос орынды түрлі діни ағымдар толтыра бастады», - деп атап өтті Қайрат Лама Шариф.
Халықаралық қатынастардың даму шеңберінде бүгінде ТМД елдері үшін интеграциялық өзегіне айналып отырған діннің рөлін де ескермеу мүмкін емес. Өйткені Достастық елдері халықтарының дәстүрі мен әдет-ғұрпының негізінде ислам және православ мәдениеттері жатыр.
«ТМД елдеріндегі діннің рөлі» тақырыбындағы халықаралық конференцияны ұйымдастыру және өткізудің өзектілігі соңғы жиырма жылда Қазақстанда және ТМД-ның басқа да елдерінде дін мен діни бірлестіктердің рөлінің едәуір артуымен түсіндіріледі. Діни бірлестіктердің мемлекетпен өзара қарым-қатынастары айтарлықтай кеңейді.
Сондықтан да ТМД елдерінде діни жағдайдың даму үрдісін және ахуалын тағы да зерделеп, халықаралық лаңкестік және экстремизмнің алдын алу және оған қарсы тұру негізі ретінде қоғамның діни-адамгершілік құндылықтарын дамытуда діннің рөлін қайта қарастыру қажет.
Конференцияның жұмысы келесідей бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
- ТМД елдерінің тарихындағы дін;
- конфессияаралық диалог: өткені, бүгіні және болашағы;
- әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудағы діннің маңызы;
- дін бостандығы. ТЖД елдеріндегі заңнамалық реттеу және құқықтық қолдану тәжірибесі;
- діни және зайырлы білім: өзара ықпал ету мәселесі;
- дін құндылықтары және қазіргі заманғы қоғамдыққатерлер;
- қоғамның діни-адамгершілік денсаулығын сақтаудағы діни институттардың рөлі;
- діни экстремизм әлеуметтік-саяси феномен ретінде;
- жаңа діни қозғалыстар және олардың қазіргі қоғамдағы орны;
- қазіргі жастарды тәрбиелеудегі діннің рөлі.
Алдағы конференцияның жұмысына ТМД елдерінің діни қызмет саласында реттеуді іске асыратын мемлекеттік органдардың ресми өкілдері, Қазақстан және ТМД елдерінің дінтанушы-ғалымдары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысады.