13:08, 13 Мамыр 2009 | GMT +5
Астанада өтетін Қазақстан мен Корея іскер топтарының бизнес-форумында 10-нан астам құжатқа қол қойылады
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ – Бүгін Астанада өтетін Қазақстан мен Оңтүстік Корея іскер топтарының бизнес форумында 10-нан астам құжатқа қол қойылатын болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Президент мырзамен Корея Республикасы бизнесмендерінің үлкен тобы еріп жүр. Бүгін бизнес-форум өтеді. Онда барлығы 11 құжатқа қол қойылады деп күтілуде», деді бүгін Ақордада Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бакпен болған келіссөздердің қорытындысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасының атап көрсеткеніндей, бизнес-форумда энергетика, машина жасау, көлік, құрылыс, телекоммуникациялық технологиялар саласындағы құжаттарға қол қойылатын болады.