15:39, 07 Қазан 2013 | GMT +5
Астанада өтетін KAZENERGY 8-ші Еуразиялық форумына Үкімет басшысы Серік Ахметов қатысады
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - KAZENERGY 8-ші Еуразиялық форумына Премьер-Министр Серік Ахметов қатысады. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Еліміздің заманауи энергетикалық саясаты, мұнай-газ саласындағы әлемдік үрдістер және басқа да өзекті мәселелер 8-9 қазанда Астанадағы KAZENERGY 8-ші Еуразиялық форумы аясында талқыланады», - деді ресми өкіл.
Оның сөзіне қарағанда, форумға Үкімет басшысы Серік Ахметов және Үкімет мүшелері, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар өкілдері қатысатын болады.