Астанада өтетін FIFA ойынында Дастан Сатпаевты кім алмастырады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан футбол құрамасының жаттықтырушы штабы FIFA Series 2026 наурыз айындағы матчтарына Дастан Сатпаевтың орнына Оралхан Омиртаевты шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы деп Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті. 

Дастан Сатпаев
Фото: Cолтан Жексенбеков/Kazinform

Құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов мәлімдегендей, Челси клубының медициналық штабы Сатпаевтың ағымдағы жағдайы мен наурыз айындағы халықаралық үзіліс кезінде толық қалпына келу қажеттігі жөнінде ұсыныс берген. Сол ақпаратты Қазақстан құрамасының дәрігерлерімен талқылап, ойыншыға толық қалпына келу кезеңін беру шешімі қабылданған. Оның орнына құраманың сапына функционалды жағдайы жақсы, ұлттық құраманың тапсырмаларын орындауға дайын Оралхан Омиртаев шақырылды.

Наурыз айында Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Астанада өнер көрсетеді. Бірінші ойын 25 наурызда «Астана Арена» стадионында Намибия құрамасына қарсы өтеді. Матчтың басталуы – 17:00.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасының халықаралық турнирге арналған соңғы тізімінде 26 футболшы бар.

Еске сала кетейік, медициналық көрсеткіштерге байланысты «Қайрат» шабуылшысы емін Қатарда жалғастыратыныны хабарланды. 

Команданың жас жұлдызы жарақатына байланысты Біріккен Араб Әмірліктеріндегі оқу-жаттығу жиынына және УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі «Брюгге», «Арсенал» командаларына қарсы ойындарға да қатыспады.

Соңғы жаңалықтар