Астанада өтетін парахоккейден әлем чемпионатының ойын күнтізбесі анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласында 6-11 қыркүйек күндері өтетін парахоккейден Б пулінде әлем чемпионатының ойын күнтізбесі белгілі болды.

Парахоккей
Фото: Астана әкімдігі

Бұл жөнінде Қазақстан хоккей федерациясы мәлім етті.

Оған Швеция, Жапония, Италия, Франция және Финляндия құрамалары келеді. Астанада өтетін бұл біріншілікте — 2026 жылғы Миланда өтетін XIV қысқы Паралимпиада ойындарына іріктеу турниріне берілетін екі жолдама сарапқа салынады. Барлық ойындар «Тарлан Арена» кешенінде өткізіледі.

Ойын кестесі:

6 қыркүйек. 19:00. Швеция — Қазақстан
7 қыркүйек. 19:00. Жапония — Қазақстан
8 қыркүйек. 19:00. Италия — Қазақстан
9 қыркүйек 19:00. Қазақстан — Франция
11 қыркүйек. 19:00. Қазақстан — Финляндия

Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін барлық ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар