Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жарыс кестесі белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM - Биыл үшінші мәрте жалауын көтеретін турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 9-11 мамыр күндері болады.

Астанада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Жарыс нәтижесінде IJF ережесіне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, бірінші орын үшін 1000, екінші орын үшін 700, ал үшінші орын үшін 500 ұпай есептеледі.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) және Қазақстан дзюдо федерациясы арасындағы екіжақты келісімшартына сәйкес еліміз аталған турнирді 2026 жылға дейін қабылдайды.

«Qazaqstan Barysy Grand Slam» әлемдік жарысы Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жарыс бағдарламасы бойынша 9 мамыр әйелдерде 48,52, 57 келі, ерлерде 60, 66 келі салмақта жүлделер сарапқа салынады. 

Ал 10 мамырда әйелдерде 63, 70 келі, ерлерде 73, 81 келі, 11 мамырда әйелдер:де 78, 78 келіден жоғары, ерлерде 90, 100, 100 келіден жоғары салмақта балуандар татамиге шығады. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Азия чемпионатында ел құрамасы төрт қола медаль алып қайтты.

Соңғы жаңалықтар