Астанада «Өз елім» атты суретшілер форумы өтуде

ТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада «Өз елім» атты суретшілер форумы өз жұмысын бастады.
None
None

Форум «Тәуелсіздіктің 20 шыңы, жұлдызды 20 күн» деп аталатын мерекелік бағдарламаның аясында өтіп отыр. Бүгін Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған мерекелік 20 жұлдызды күннің алғашқы күні форумның негізінде өткізілген халықаралық ғылыми-тәжірибелік «Қазақстан өнері: кеше, бүгін ертең» конференциясымен бастау алды. Оған Қазақстанның және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің танымал қылқалам шеберлері қатысты.

«Тәуелсіздігіміздің жеткен жетістіктерінің бір шыңы мәдениетімізді атап өтуге болады. Бүгінгі таңда бейнелеу өнерінің еркін дамуына барлық жағдай жасалуда. Форум бүгінгі күнде жеткен жетістіктерімізді талдап, оның болашақ жолын анықтауға, көкейкесті мәселелерді көтеруге арналған», - деді ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Қалиолла Ахметжан.

Сонымен қатар форум шеңберінде бүгін Астанадағы ҚР президенттік мәдениет орталығында Қазақстан суретшілерінің көрмесі ашылады. Онда форум қатысушыларының 100-де астам туындылары ұсынылмақ.

«Елбасының Жарлығымен елімізде Тәуелсіздік мерекесіне орай 20 жұлдызды күн өткізу жоспарлануда. Оның алғашқы күні Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Соған орай Мәдениет министрлігі осы күні 4 ірі шараны өткізетін болады», - дейді ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Роза Кәрібжанова.

Соңғы жаңалықтар