10:50, 20 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Астанада өзін есептеуіштерді тексеруші ретінде таныстыратын тонаушы іздестірілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полицейлері өзін есептеуіштерді тексеруші ретінде таныстырып, пәтер тонаған күдіктіні іздеп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Астана қалалық ІІД-ге сілтеме жасап.
«Полицияға қала тұрғыны шағым түсірген. Оның айтуынша, белгісіз біреу есептеуішті тексеремін деген жалған сылтаумен пәтерге кірген. Сол кезде пәтердегі жеке заттарды ұрлап, ізін суытқан. Бұл факті ҚР ҚК-нің «ұрлық жасау» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - делінген хабарламада.
Қалалық ІІД-нің хабарлауынша, қазіргі таңда күдіктіге қатысты жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, бұрын мессенджерлерде таратылған күдікті туралы ақпарат пен оның суреті тексерілуде.