Астанада өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды

АСТАНА. KAZINFORM – Қала тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жүргізуші куәлігін алуға және автокөлікті қайта рәсімдеуге жәрдем беремін деп алаяқтық жолмен таныстарын және жәбірленушілерді алдаған.

«ХАС» қаржы пирамидасының негізін қалаушылар алаяқтық үшін сотталды
Фото: Павлодар облысы прокуратурасы

Ол жәбірленушілерден 1 млн теңгеден астам қаражат алып, өз міндеттемелерін орындамаған және ақшаны өз қалауынша жұмсаған.

Мемлекеттік айыптаушы сотқа сотталушының бірнеше рет ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын дәлелдейтін айғақ ұсынды. Кінәсін толық мойындауын және залалды өтеуін ескере отырып, сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Қала прокуратурасы бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемденгені үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салды.

Бұған дейін Алматы қаласының полиция департаменті интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы айтып берді.

Қостанайда телефон нөмірлерін жалға беріп, алаяқтарға көмектескен жігіт ұсталды.

 

Соңғы жаңалықтар