Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — 6–11 қыркүйегі аралығында Астанада пара хоккейден (B-пул) әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа Италия, Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция және Финляндия құрамалары қатысады. Бұл туралы Спорт комитеті хабарлады.

Турнир айналмалы жүйе форматында өтеді. Жарыстың қорытындсы бойынша алғашқы екі орынды иеленген командалар A тобына өтсе, соңғы орын алған құрама C тобына түседі.
Сондай-ақ, Астанада өтетін бұл біріншілікте Милан — 2026 XIV қысқы Паралимпиада ойындарына іріктеу турниріне берілетін екі жолдама сарапқа салынады. Іріктеу жарысы 2025 жылдың 5–10 қарашасы аралығында Норвегияның Йессхейм қаласында өтеді. Бұл жарыста Паралимпиадаға тікелей жолдама алатын құрамалар анықталады.
Айта кетелік Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды.