Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - 6–11 қыркүйекте Астанада пара хоккейден (B-пул) әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті.

спорт
Фото: Астана әкімдігінің бапасөз қызметі

Жарысқа Италия, Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция және Финляндия құрамалары қатысады.

Астанада өтетін бұл біріншілікте Милан - 2026 XIV қысқы Паралимпиада ойындарына іріктеу турниріне берілетін екі жолдама сарапқа салынады.

Осыған дейін Ислам Сәтпаев Азия чемпионатында нысана көздеуден алтын жүлде алғаны туралы жаздық.




Соңғы жаңалықтар