Астанада Петербордың мәдениет қайраткерлері лекция оқиды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін "Астана" ұлттық көркем сурет галереясында "Астанадағы Петербор кездесулері" атты шаралар сериясының ашылу салтанаты өтті.
None
None

Шара аясында Қазақстандағы Ресей азаматтарымен, Астана тұрғындары және қонақтарымен кездесіп, пікір алмасуға петерборлық ұстаздар, шеберлер мен мамандар келіп отыр. «Жоба өте ауқымды. Санкт-Петербор үкіметінің сыртқы байланыс комитеті Қазақстандағы Ресей елшілігіне хабарласып, түрлі мақсаттағы кездесулер ұйымдастыруды ұсынды. Біз бұл ұсынысқа қуана келістік», - деді баспасөз мәслихаты кезінде Ресей Федерациясы Елшілігінің кеңесшісі Елена Лысенко.

Оның айтуынша, Петербордан келген делегация 14 адамнан құралған. Олардың барлығы білім мен мәдениет саласының мамандары.

Шара аясында Петербор өнер ұжымдарының концерттері мен көрмелері, түрлі тақырыптардағы лекциялары өткізіледі. Шаралар туралы толық мәліметті Қазақстандағы РФ Елшілігінен, сондай-ақ "Астана" ұлттық көркем сурет галереясынан алуға болады.

Соңғы жаңалықтар