Астанада полицей келіншек екі баланы өрттен құтқарып қалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астананың Полиция департаментіне қала шетіндегі Қоянды кентінің тұрғынынан хат келіп түскен. Хатта Астана қаласы ПД Кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор кинологі, полиция старшинасы Ақбота Еңсебаеваға алғысын білдірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрт 11 желтоқсанда кешкі сағат 22.30 шамасында болған. Жер үйде отбасындағы 3 үлкен адам мен 4 және 7 жас шамасындағы екі бала осы уақытта ештеңені сезбеген.  Әрқайсысы өз ісімен шұғылданып отырған: үлкен баласы сабақ қарап, қалғаны күнделікті істерімен айналысып жүрген. Өрттің тұтанғанын да ешкім білмеген.
Ал қарама-қарсы үйде тұратын полиция қызметкері бірінші болып өртті байқаған.  Ақбота күйеуімен бірге далаға жүгіріп шығып, жанып жатқан үйдің бұрышын сөндіруге кіріскен.
Тұрғындардың айтуы бойынша, егер Ақбота мен күйеуі болмағанда өрттің салдары апатқа әкеп соқтыруы ықтимал еді. Айта кетерлігі, Ақбота және Хамит Еңсебаевтар көршілеріне қиын жағдайда да қол ұшын созуда. Үйлері өртенген отбасы бір апта бойы тату солардың үйінде тұрып жатыр, олардың өзі де екі мектеп оқушысын тәрбиелеп отыр. ПД Кинологиялық қызметінің кіші инспектор кинологі, полиция старшинасы Ақбота Еңсебаева балаларды құтқарып қалғанын қысқаша ғана айтып берді. Ол Астана қаласы кинология қызметінде 12 жыл қызмет атқарады.

Соңғы жаңалықтар
telegram