Астанада полицей суға батқан 12 жастағы баланы құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқиға 187-ші аудандағы Сарыбұлақ өзенінде шамамен сағат 12:30 орын алды. Полиция қызметкері Өміржан Темірбеков жұмысқа бара жатқанда балалардың көмекке шақырғанын естіген.
None
None

Олар өзен жақты көрсетті. Полицей дереу өзенге түсіп, одан баланы алып шықты, деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметі.

Полиция капитанының сөзіне қарағанда, суға тұншыққан бала дем алмаған. Өміржан Темірбеков дереу баланың жүрегін ысқылап, жасанды дем беріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін жедел жәрдем шақыртты. 

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер тәртіп сақшысының сапалы түрде алғашқы медициналық көмек көрсеткенін айтты. 

Баланың анасы Жанар Айтуреева ұлының құтқарушысына алғыс айтып, қызметінде сәттілік тіледі.

Полиция капитаны Өміржан Темірбеков  «дәрігерлер рұқсат бергеннен кейін, Батуханның жағдайын білуге барамын», дейді. Полицей құтқарған баланың есімі осындай. 

Соңғы жаңалықтар