Астанада полиция қызметкерлері пәтер ұрлығымен айналысқан топтың жолын кесті

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Астана қаласы Алматы аудандық ІІБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында пәтер ұрлығымен айналысқан топты құрықтады.
None
None

«Топ 21 бен 24 жас аралығындағы 4 ер адамнан құралған, олардың бірі бұдан бұрын автокөлік айдап кету қылмысы бойынша сотты болған. Қаскүнемдер пәтерлерге пластикалық терезені сығымдап ашу арқылы кірген»,-деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Ұсталғандар уақытша қамау изоляторына жабылды. Қазіргі таңда олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілу үстінде.

Соңғы жаңалықтар