Астанада полицейлердің робот-иттері кімдерді «танып» қоя алады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін төрт робот-ит қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада полицейлердің робот-иттері кімдерді «танып» қоя алады
Фото: Астана әкімдігі

Қазіргі уақытта робот-иттер адам көп шоғырланатын сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда жұмыс істеп, полиция қызметкерлеріне қоғамдық кеңістіктердегі жағдайды бақылауға көмектесіп жүр.

Астанада полицейлердің робот-иттері кімдерді «танып» қоя алады
Фото: Астана әкімдігі

Робот-иттер жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған бейнекамералар арқылы айналадағы жағдайды бақылап, бейнеақпаратты нақты уақыт режимінде тікелей Жедел басқару орталығына жеткізеді. Бұл полиция қызметкерлеріне қоғамдық орындардағы ахуалды жедел бағалап, қажетті жағдайда тиісті шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Астанада полицейлердің робот-иттері кімдерді «танып» қоя алады
Фото: Астана әкімдігі

— Технологияның маңызды мүмкіндіктерінің бірі — іздеуде жүрген адамдарды анықтауға көмектесу. Робот-иттерге интеграцияланған жасанды интеллект жүйесі бет-әлпетті сәйкестендіреді. Сәйкестік анықталған жағдайда Жедел басқару орталығына автоматты түрде дабыл хабарламасы жіберіледі, — делінген хабарламада.

Бұл технология полицияның жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, іздеудегі адамдарды анықтау жұмысына қосымша қолдау көрсетеді.
Қауіпсіз қала — тек қоғамдық тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар ықтимал қауіптердің алдын алу, оқиғаларға уақытылы әрекет ету және әрбір азаматтың тыныштығын қорғау.

Астанада полицейлердің робот-иттері кімдерді «танып» қоя алады
Фото: Астана әкімдігі

Бұған дейін қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында робот-иттер алғаш рет қоғамдық тәртіпті күзетуге шыға бастағанын жазғанбыз.