Астанада прокуратура білім беру ұйымындағы заң бұзуды анықтады

АСТАНА. KAZINFORM —  Астана қаласы прокуратурасы білім беру саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғады. 

Астанада прокуратура білім беру ұйымындағы заң бұзуды анықтады
Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Астана қаласының «Алматы» ауданы прокуратурасы білім беру ұйымдарының бірінде қызметкерлердің құқығы бұзылғанын анықтады.

Талдау барысында төрт қызметкерге ұзақ уақыт бойы әлеуметтік аударымдар жүргізілмегені белгілі болды.

Бұған олардың қателесіп жасына байланысты зейнеткерлер қатарына жатқызылуы себеп болған.

Алайда аталған қызметкерлер еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.

Нәтижесінде 2023–2025 жылдар аралығында көрсетілген қызметкерлер үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасалмаған.

Прокуратураның араласуынан кейін заң бұзу жойылды: қызметкерлердің құқықтары қалпына келтіріліп, 909 936 теңге көлемінде әлеуметтік аударымдар төленді, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетелік  ШҚО-да радиациялық аймақ үшін үстемеақы төленбей келген 317 көмекшінің жалақысы қайта қаралғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар