Астанада Р. Төлебаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған оториноларингологтардың халықаралық конференциясы өтуде

АНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астана медициналық университетінде оториноларингологтардың халықаралық конференциясы басталды.
None
None

Аталған шара Қазақстан Респуликасының еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі, IAO-HNS (оториноларингология халықаралық академиясының) толық мүшесі медицина ғылымының докторы, профессор Райс Төлебаевтың 70 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Жиынның ашылуы барысында мерейтой иесін мемлекеттік органдар өкілдері, елімізге және шетелге танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері құттықтады. Сондай-ақ, ҚР Вице-премьері Ербол Орынбаев, Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова, сонымен бірге бірқатар ғылыми ұйымдар басшыларының атынан құттықтау хаттар жолданған.

Райс Қажкенұлы Төлебаев - белгілі ғалым оториноларинолог - профтолог, клиницист және педагог. Белгілі қоғам қайраткері 450-ден астам ғылыми еңбек, 16 монография, мемлекеттік тілдегі екі оқу құралын, 26 әдістемелік ұсыныстар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Ол оннан астам өнертабыстың авторлық куәлігі мен патентіне ие ғалым. Ғалымның жетекшілігімен 14 докторлық және 37 кандидаттық диссертация қорғалған. Р. Төлебаев 5 халықаралық академиялардың академигі, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің, Семей және Қарағанды мемлекеттік университеттерінің құрметті профессоры. Оның оториноларингология, гигиена мен кәсіби патология, клиникалық иммунология мен аллергология саласындағы зерттеулері Мәскеуде, Санкт-Петерборда, Иркутскіде, Ригада, Киевте, Минскіде, Ташкентте, сондай-ақ АҚШ, Германия, Иордания, Австрия, Испания, Жапония, Египет секілді елдерде жарыққа шығып, жоғары бағаға ие болды.

Соңғы жаңалықтар