Астанада радиоактивті қалдықтарымен ластанған аумақтарды қалпына келтіру мәселелеріне арналған конференция өз жұмысын бастады

None
None
АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада Радиоактивті материалдардың қалдықтарымен ластанған аумақтарды қалпына келтіру мәселелеріне арналған халықаралық конференция өз жұмысын бастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ұйымдастырған, мамырдың 18-22-сі күндері өтетін шараға БҰҰ, МАГАТЭ, ЕҚЫҰ, НАТО, ХҒТО сынды барлығы 59 халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволардың, кәсіпорындардың, компаниялардың жетекшілері, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысуда. Конференцияның ашылуында ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев МАГАТЭ-нің мұндай конференцияны Қазақстанда өткізу жөніндегі ұсынысын біздің елдің Үкіметі ыстық ықыласпен қолдағанын атап көрсетті. «Өйткені конференцияда қарастырылатын мәселелер аумағында бұрынғы ядролық санақ алаңы орналасқан біздің ел үшін соншалықты көкейкесті. Біздің сондай-ақ дамыған уран өнеркәсібіміз бар және атом энергетикалық секторды дамытуды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты қазақстандық тарап атом өнеркәсібіндегі қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарын қолдануды таратпау жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты жәрдемдесіп жатқанын атап өткен жөн. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қазіргі заманғы технологияларды дамыту, радиоактивті материалдардың қалдықтарымен ластанған аумақты қалпына келтіру мәселелерінің әлеуметтік-экономикалық аспектілері маңызды болып табылады. Отандық және халықаралық ядролық қоғамдастықтың беделді өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан мұндай кездесулер жоғарыда айтылған мәселелерді шешудегі маңызды тетіктердің бірі», - деді С. Мыңбаев. Айта кетейік, конференцияның өткізілуі атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саясатын дәйекті түрде жүзеге асырушы және радиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға айрықша көңіл бөліп отырған елдер сынды Қазақстанның да беделін көтеруге үлес қосады. Конференция кезінде осы салада бұған дейін жасалған жұмыстардың нәтижелері, сондай-ақ келешекте жоспарланған шаралар, радиооактивті ластанған аумақтарды қалпына келтіру әдістері мен технологиялары туралы ақпараттар алмасылуда.
Соңғы жаңалықтар
telegram