Астанада радиомодульдермен 45 мыңнан астам су есептейтін приборлар орнатылды (ФОТО)

Оның айтуынша, елордалық су арнасы қызметкерлері мұндай техниканың көмегімен су есептегіштердің көрсеткіштерін үй иелерін мазаламай-ақ қашықтан есептей алады. Бұл туралы «Астана-ЭКСПО КС» көрме компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Әрине, тұрмыстық қызметтерді тұтынушылардың көпшілігі мұнай есептеуіштерді орната алмайды, өйткені оның біреуінің құны 35000 - 40000 теңге тұрады. Дегенмен кәдімгі қарапайым су есептегіштерге де радиомодуль орнатуға болады деп сендіреді көрме қатысушылары.
Қазір Астана әкімдігінде коммунпалдық кәсіпорындарға осындай су есептегіштерге радиомодульдер орнату үшін қаржы бөлу және олардың негізінде коммуналдық қызметтерді есептеудің бірыңғай қалалық автоматталндырылған жүйесін құру мәселесі қаралуда.
СУ АРНАСЫ» - Орталық Азиядағы сумен жабдықтау және су бұру саласындағы бірден бір мамандандырылған көрме және конференция.
Көрмені «Қазақстан Су арнасы» Қазақстан Республикасының сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары қауымдастығы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана-Экспо КС» көрме компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.