Астанада референдумға кері санақ басталды: шолу дөңгелегінде арнайы табло орнатылды
АСТАНА. KAZINFORM — Елордада Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға кері санақ басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша жалпыреспубликалық референдум биылғы 15 наурызда өтеді. Оған дейін 25 күн қалды.

— Кері санақ таблолары елорданың бірқатар маңызды нысанында — шолу дөңгелегінде және Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ғимаратында орнатылды. Ондағы сандар нақты уақыт режимінде референдумға дейін қалған күндерді көрсетіп тұр, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін елордада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қалалық штабы ашылған болатын. Коалиция құрамына саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері енді. Оның аясындағы алғашқы ірі іс-шаралардың бірі реформаны қолдауға арналған live-концерт болды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, оған 10 мыңнан астам адам қатысты.
Осыған дейін референдумды дайындау және өткізу кезеңінде қандай үгіттерге тыйым салынатынын жазғанбыз.