Астанада ресми 11 мың адам жұмыссыз жүр

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада қанша адам жұмыссыз жүр? Бұл сауалға Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» директоры Олжас Омар жауап берді.
Свыше 14,5 тысяч иностранцев работают в Казахстане
Фото: gov.kz.

«Қазір елордада 11 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Оның ішінде 2200 адамға қаңтарда еңбекпен қамту бойынша әртүрлі мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 185 адамды тұрақты жұмыспен қамтыдық», - деді Олжас Омар Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, орталық директоры жұмыссыз астаналықтарды еңбекпен қамтуда қолдау көрсетілетіні туралы айтты.

«Бүгінгі таңда Астана қаласында 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар», - дейді спикер.

Оның айтуынша, Астана қаласының «Мансап» орталығы халықты жұмысқа орналастыру бағытында 9 бағыт бойынша қызмет көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар