Астанада ресми түрде Қазақстандағы Жаһандық кәсіпкерлік апталығы ашылды

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада ресми түрде Қазақстандағы Жаһандық кәсіпкерлік апталығы ашылды.
None
None

Бүгін осы мәселеге байланысты арнайы баспасөз мәслихатын өткізген Экономикалық даму және сауда министрлігі өкілдерінің айтуынша, жаһандық кәсіпкерлік апталығы - миллиондаған жастарды біріктіретін және бизнес саласындағы жаңа идеяларды ынталандыратын халықаралық қозғалыс. Жыл сайын әлемнің 100-ден астам елінде өткізілетін аталмыш шараға осы уақытқа дейін 7 миллионнан астам адам қатысқан. Бұл шараны АҚШ Президенті Барак Обама мен Франция Президенті Николя Саркози сияқты танымал тұлғалар қолдап, оны жастар арасындағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін, танымал әрі тиімді қозғалыстардың бірі ретінде қарастырып отыр. Биылғы жылы бұл қозғалысқа Қазақстан да қосылды. Осыған орай республика аймақтарында кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мәселелер бойынша баспасөз мәслихаттары өтеді. Сондай-ақ облыстық кәсіпкерлікті дамыту басқармаларына «Даму» қорының өңірлік филиалдарымен бірлесе отырып, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша «ашық есік» күндерін ұйымдастыру ұсынылды.

«Жаһандық кәсіпкерлік апталығы» халықаралық қозғалысының Қазақстан бойынша өңірлік өкілі Павел Коктышевтің сөзіне қарағанда, халықаралық қозғалыс биыл әлемнің 15 мемлекетінде өтуде. «Жалпы бұл бастама 2006 жылы Ұлыбританияда бастау алған. Шараның мақсаты - апта ішінде кәсіпкерлік тақырыбына барынша көңіл бөліп, оған, әсіресе жастарды қалай тарту қажет деген мәселе төңірегінде кеңінен әңгімелеу болып табылады. Қазақтанда алғаш рет ұйымдастырылып отырғандықтан, шараның министрлік деңгейінде, тіпті Үкімет деңгейінде қолдау тапқаны бізді қуантады»,-дейді П.Коктышев.

Соңғы жаңалықтар