01:15, 20 Қаңтар 2015 | GMT +5
Астанада республикалық деңгейдегі Мәуліт кеші өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қаңтарда Астана қаласындағы Конгресс-холл сарайында республикалық деңгейдегі Мәуліт кеші өтеді.
Рухани кеште ғибратты жыр-термелер орындалып, тәрбиелік мәні мол сахналық қойылымдар көрсетіледі. Уағыз айтылып, халық назарына бейнероликтер ұсынылады. Кештің маңызы мен мәнін арттыратын шарада Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) салауаттар оқылады.
Мәуліт кешіне қатысуға билеттерді Астана қаласындағы мешіттерден алуға болады, деп хабарланған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында.
Естеріңізге сала кетейік, қазір ислам елдерінің барлығында дерлік Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың туған айы Мәуліт мерекесі аталып өтілуде.