Ұшақта инсульт алған жапониялық науқас ауруханадан шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Инсульттан кейін Астананың №2 қалалық көпсалалы ауруханасында ем алған жапониялық науқас бүгін шығарылды. Оның жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағаланады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабар таратты.

Әуежай
Фото: Астана әуежайы

Естеріңізге сала кетейік, 17 тамызда Токиодан Цюрихке ұшқан Swissair авиакомпаниясының SVR 161 рейсі Астана әуежайына шұғыл қонды. Экипаж 50 жастағы жолаушының инсультке күдіктенуіне байланысты қонуға шешім қабылдады.

Жерге сәтті қонғаннан кейін, ұшақ бұрылу кезінде экипаждың қателігімен жол жиегіне сырғып кетті.

Токиодан келген ұшақтың апатты жағдайда қонуына байланысты Астана әуежайы 2 сағатқа жабылды.

Тексеруден кейін борт қайтадан қонуы тиіс елге ұшып кетті. Барлық жолаушылар межелі жерге басқа әуе кемесімен жеткізілді.

50 жастағы науқас ауыр халде аурухананың жансақтау бөліміне түсті.