Астанада РФ-ның Түмен қаласында кісі өлтірген Шешенстан Республикасының азаматы ұсталды

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада елордалық полиция қызметкерлері Ресей Федерациясының аумағында ауыр қылмыс жасаған Шешенстан Республикасының азаматын ұстады. Бұл туралы Астананың ІІД баспасөз қызметінен хабаралады.

Астанада РФ-ның Түмен қаласында кісі өлтірген Шешенстан Республикасының азаматы ұсталды

Ағымдағы жылдың 26 тамыз күні Ресей Федерациясының Түмен қаласында 19 жастағы Шешенстан Республикасының азаматы Шаипов Асламбек Кюриевич жанжал кезінде 1991 жылы туған Б. есімді азаматты пышақпен жарақаттаған.

Аталған факті бойынша РФ ҚК 105-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

11 қыркүйек күні арнайы жедел іздеу шараларын жүргізу барысында Астана қаласы ІІД тергеу басқармасының қызметкерлері іздеу жарияланған Шаипов А.К есімді азаматты ұстады.

Қазіргі уақытта РФ Шешенстан Республикасының азаматы Шаипов А.К. Астана қаласы ІІД уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.