Астанада Рим Папасы Францискті еске алу мессасы өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Астанадағы Ұдайы Көмек Құдай Анасының Рим-Католиктік приходында Рим Папасы Францискті еске алуға арналған ғибадат ету рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

– Архиепископ-митрополит Томаш Пэта діншілдерді Қасиетті Әке Францисктің рухының тыныштығы үшін дұға етуге шақырды. Оның ниетінің қасиетті мессасы бүгін кешке Астанадағы Әулие Мария Архиепархиясының кафедралдық соборында өтеді, - деп хабарлады приходта.
Сейсенбі, 22 сәуір күні сағат 20:00-де Рим Папасы Францисктің рухын тыныштандыруға арналған жалпықазақстандық дұға оқылады. Астанадағы Кафедралық собордан тікелей көрсетілім мына сілтеме арқылы қолжетімді болады.
Бұған дейін Рим Папасы Франциск 89 жасқа қараған шағында көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Ол 1 200 жылдан астам уақыттан бергі Католик шіркеуін басқарған бірінші иезуит, бірінші латынамерикалық және шыққан тегі еуропалық емес тұңғыш Рим Папасы болған еді. Рим Папасы қандай ісімен есте қалғаны және оның билігі тұсында Қазақстан мен Ватиканның қарым-қатынасы қандай арнада дамығаны жайлы Kazinform агенттігі меншікті тілшісінің материалынан оқыңыздар.