14:15, 24 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Астанада рұқсат етілмеген жерге қойылған көліктер айып тұрағына жөнелтіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана ішікі істер департаменті көлік иелеріне қар тазалау мезгілінде көліктерін жол шетіне қалдырмау жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА» ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көп жерлерде қар тазалау жұмыстары қиындық тудырады. Арнайы техникаларға жол бойында қаңтарылған көліктер кедергі жасайды. Жүргізушілер тоқтауға болмайтын белгілерге назар аудармайды, көрсе де байқамағансып тоқтай салады», - дейді тәртіп сақшылары.
Осыған байланысты Астана қаласының полияциясы жүргізушілерге ресми үндеу жасап, көлік иелерін осы мәселеге жауапкершілікпен қарауға шақырды.
«Бұдан былай рұқсат берілмеген жерге қойылған көліктер, эвакуаторлардың көмегімен бірден айып тұрағына жөнелтіледі», - деп хабарлады ведомство өкілдері.