12:04, 02 Маусым 2016 | GMT +5
Астанада С. Сейфуллин мен Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысы жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жол жабынын жөндеу жұмыстары жалғасуда. 2-3 маусымда С. Сейфуллин мен Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Аталған жол бөлігінде көлік қозғалысы толықтай шектеледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Төменде аталған жол бөліктерінде жөндеу жұмыстары жалғастырылып жатыр:
- 25 мамырдан 15 маусымға дейін: Қордай көшесі 14-көшеден соңғы аялдамаға дейін;
- 15 мамырдан 15 маусымға дейін: Өзбекәлі Жәнібек көшесі Айнакөл көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейін;
- 30 мамырдан 2 маусымға дейін Уәлиханов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан Абай даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық жабылды.
- 17 мамырдан 15 маусымға дейін Қошқарбаев көшесінде Б. Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;
- 30 мамырдан 16 маусымға дейін Уәлиханов көшесінде Абай даңғылынан Бараев көшесіне дейін көлік қозғалысы жартылай шектеледі.