Астанада салынып жатқан LRT станциясы маңында өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада салынып жатқан LRT станциясы маңындағы қоғамдық көлік аялдамасы павильонында өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Астанадағы өрт
Фото: Видеодан скрин

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Астана қаласының 112 пультіне Сарайшық ауданындағы Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан қоғамдық көлік аялдамасынан түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар салынып жатқан нысан аумағындағы аялдама павильонының жертөлесінде түтін болғанын анықтады. Электр қалқанындағы кабельдер мен құрылыс қоқысы шамамен 10 шаршы метр аумақта жанған.

Өрт сөндірушілер жалынды қысқа уақыт ішінде сөндіріп, оның көрші бөлмелерге таралуына жол бермеді.

Бұдан бұрын СҚО-да 70 жыл бұрын салынып, намазхана ретінде қолданылған ғимарат өртенгенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар