Астанада салынып жатқан үйден өрт шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада салынып жатқан ғимараттан өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
None
None

Оның мәліметтерінше, бүгін сағат 11:27-де Байтұрсынов көшесінде өрт оқиғасы туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына келген кезде «Мыңжылдық аллеясы» ТК-нің салынып жатқан  24 қабатты ғимаратында пластик бұйымдар - пенопласт және электр кабелі өртеніп жатқаны анықталды», - деді ол.

Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны сөндіру үшін 5 техника бірлігі мен жеке құрамның 24 адамы жұмылдырылды. Өрт сағат 11:47-де толық сөндірілді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар