Астанада самокатшыны көлік қағып кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Бағдаршамның жасыл түсінен өтіп бара жатқан самокат мінген жас жігітті автокөлік қағып кетті. 

самокат
Фото: Александр Павский / Kazinform

— «Hyundai» маркалы автокөлік жүргізушісі Халифа бен Заид Әл-Нахаян көшесімен келе жатып, Е308 көшесімен қиылысында оңға бұрылған кезде, қозғалыс бағыты бойынша оңнан солға қарай белгіленген жерден жолды кесіп өткен электросамокат жүргізушісін қағып кеткен, — деп хабарлайды қалалық полиция. 

Оқыс оқиғаның бейнежазбасы желіде тарады. 

— Зардап шеккен азамат медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлердің тексерісінен кейін ол үйіне жіберілді, — делінген ақпаратта. 

Қазір полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. 

Айта кетейік, елімізде электр самокаттардың жылдамдығына қатысты тәртіп қайта қаралуы мүмкін

Сондай-ақ Астанадағы алғашқы мамандандырылған самокат тұрағы туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар