19:51, 13 Қараша 2013 | GMT +5
Астанада Санкт-Петербордың мәдени күндері басталды
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Астанада Санкт-Петербордың мәдени күндері басталды. Осыған орай, бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Санкт-Петербордың губернаторы Георгий Полтавченко елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен концерттік бағдарламаға қатысты.

Кеште Санкт-Петербор Мемлекеттік оркестрі, Михайловский театрының жеке солистері өз өнерлерін паш етті. Олар баян, ксилофон және балалайка, т.б. аспаптардың сүйемелдеуімен ән айтып, жыр салды. Концертте Шраус, Глинки, Понкьелли, Кальмана сынды классиктердің шығармалары, сондай-ақ орыстың халық әндері орындалды.
Шара аясында «Графикадағы Санкт-Петербордың тарихы мен мәдениеті» көрмесі ашылды. Онда қаланың 300 жылдығына арналған коллекциялық альбомның суреттері таныстырылды. Ал «Петербор симфониясы» атты қазіргі заман көрмесінде жалпыресейлік фотоконкурсында үздік деп танылған 20 еңбекті көруге болады.