Астанада «Санкт-Петербордың тарихы мен мәдениеті графикада» атты көрме өтуде

АСТАНА. 14 қараша. Бұл күндері елордада Бейбітшілік және келісім сарайында Санкт-Петербор қаласының Астанадағы күндеріне орай «Санкт-Петербордың тарихы мен мәдениеті графикада» деп аталатын тақырыптық көрме өтіп жатыр, онда Санкт-Петербордың 300 жылдығына арналған коллекциялық альбомға енген суретшілердің еңбектері қойылған. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап astana.kz хабарлады.
None
None

Көрмеде белгілі графика шеберлері Владимир Алексеев, Виктор Пермяков, Александр Москвичев, Евгений Дубицкий, Рудольф Яхнин, Эвелина Соловьеваның, сондай-ақ, жас суретшілер Михаил Гавричков, Светлана Звонованың және т.б. суреттері көпшілік назарына ұсынылған.

12-14 қарашада елорда тұрғындары мен қонақтары Светлана Звонованың «Екатериннский дворец», Александр Москвичевтің «Вид на Исаакиевский собор», Александр Шураевтың «Зима в Александро-Невской лавре», Евгений Дубицкийдің «Александро-Невская лавра, река Монастырка» сынды картиналарын тамашалай алады. Көрмеге үздік көркемсурет шеберлерінің 33 шығармасы қойылған.

Суретшілердің еңбектерінде қалалық пейзаж, сәулеттік туындылар сипатталып, халықтың тарихы мен рухани бірлігі көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар