Астанада Сауд Арабиясы Корольдігінің мәдениет күндері өтіп жатыр

СТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Кеше, маусымның 1-і күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасындағы Сауд Арабиясы Корольдігінің мәдениет күндері ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана мен Алматы қалаларында маусымның 5-не дейін өтетін бұл шараның шымылдығын екі елдің мәдениет ведомстволарының басшылығы ашты.

Шара шеңберінде Кеңес Одағының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі тұңғыш Елшісі Нәзір Төреқұловқа арналған арабтың көне кітаптары және ұлттық бейнелеу өнері, халықтың төл қолданбалы шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылып, кеш гала-концертке ұласты.

«Сауд Арабиясының мәдениет күндері Қазақстан тарихында алғаш рет өткізіліп отыр. Егер бұл ел дүние жүзіндегі 2 миллиардтан астам адамдың ең қасиетті мекені саналатын ислам дүниесінің қос киесінің шырақшысы болса, Қазақстан сол исламның ең солтүстіктегі шекарасы болып саналады. Біздің ел тәуелсіздік алған уақыттан бергі кезеңде екі мемлекет арасындағы саяси, дипломатиялық, экономикалық және мәдени байланыстар жаңа леппен басталып, бүгінгідей өте үлкен дәрежеге жетті», деді ашылу салтанатында ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Өз кезегінде Корольдіктің Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Әбу Бәкір бен Ахмад Бакадира, «Сауд Арабиясы Корольдігінің мәдениет күндерінің Қазақстанда өткізілуі - екі ел арасындағы ерекше сипаттағы достық қарым-қатынастардың дәлелі», дей отырып, өзінің қазақ жұртына деген риясыз сезімін жеткізді.

«Ұлы ойшыл, ғалым, философ әл-Фараби, ислам мүддесін қорғаған сұлтан Бейбарыс секілді тұлғаларды өмірге әкелген Қазақстан жерімен таныстық. Сіздердің басшылықтарыңыздың елдің барлық салаларында ілгерілеуі мен дамуы үшін аянбай күш салып отырғандығын байқаймын», деді ол.

Соңғы жаңалықтар