Астанада «Шағын және орта бизнес проблемалары» тақырыбына дөңгелек үстел өтеді

АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Ақпанның 11-інде Астанада «Шағын және орта бизнес проблемалары» тақырыбына дөңгелек үстел өтеді.
None
None
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен брифингте партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш басқосуға сала мамандары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Индустрия және сауда министрліктерінің өкілдері, банктерден, «Даму» қорынан, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалынан, кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығынан арнайы адамдар шақырылып отыр.«Жиын барысында мемлекет және бизнес диалогын, екі жақ арасында шынайы әлеуметтік әріптестік құру жайы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша арнайы стратегия әзірлеу мәселесі сөз болады. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен Астана қаласы әкімдігі арасындағы меморандумның «Шағын және орта бизнесті қолдау» атты 3-ші бағытының жүзеге асырылуына, бизнес белсенділігінің төмендеп кету салдарына баса назар аударылады», - деп атап өтті Оксана Петерс.
Соңғы жаңалықтар