Астанада шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне арналған семинар өтуде

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Экономикалық даму және сауда министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты мен Кореяның стратегиялық даму институты бірлесіп, шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне арналған семинар ұйымдастыруда.
None
None

Экономикалық зерттеулер институтының вице-президенті Айгүл Тоқсанованың айтуынша, өткен жылдың күз мезгілінде шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне арналған жоба қолға алынған болатын. «Осы жоба аясында біз Кореяның стратегиялық зерттеулер институтымен бірлесіп, арнайы зерттеулер жүргіздік. Осы мәселе бойынша күзде кореялық делегация өкілдері келіп, біз бірлескен қимылдардың жоспарын жасадық. Сонымен қатар біздің әріптестеріміз Сеулге барып, кореялық әріптестерімен пікір алмасып қайтты. Осы сапар барысында болашақ жоспарлар тағы бір мәрте пысықталды. Ал бүгін кореялықтар біздің елімізге екінші рет келіп, шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы ортақ зерттеулердің нәтижелерін жария етпек», - деді вице-президент.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі шараға Экономикалық даму және сауда министрлігі мен кореялық делегация өкілдері, сондай-ақ экономика саласының мамандары мен Экономикалық зерттеулер институтының жетекші сарапшылары қатысуда.

Соңғы жаңалықтар