17:08, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Астанада шағын және орта бизнесті қолдауға арналып 40 млрд. теңге бөлінді ? И. Тасмағамбетов
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат – Астанада шағын және орта бизнесті қолдауға жалпыреспубликалық 275 млрд. теңгенің ішінен 40 млрд. теңге бөлінді.
Бұл жөнінде бүгін қалалық активте өткен кездесуде Астананың әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Әкімдік пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының арасында қол қойылған меморандум аясында тиісті қаражат және көмек көрсету құралдары анықталды. Сонымен қатар, әкімдікте құрылған жұмыс тобы шағын және орта бизнес субъектілерінің 80 миллиард теңгеден астам көлемде несиелендіруге арналған 700-ден астам өтінімдерін жинады», ? деді И.Тасмағамбетов. Әкім кәсіпкерлік басқармасына және аудандардың әкімдіктеріне банктік рәсімдерден өту кестесін әзірлеуді және өтінімдердің өту мерзімдерін бақылауды, сондай-ақ осы үдеріске қатысушылардың өзара іс-қимылын үйлестіруді тапсырды.