Астанада Шарль де Голль ескерткіші ашылды
Қазақстан астанасында белгілі француз қайраткеріне ескерткіштің ашылуы - екі елдің арасындағы берік әріптестік қатынастардың символы.
Астана әкімі жуырда өткен Франция Президенті Франсуа Олландтың Астанаға сапары екі елдің арасында жолға қойылған саяси диалогтың куәсі екенін және екі жақты ынтымақтастыққа жаңа серпін бергенін айтты. Аты аңызға айналған француз қайраткеріне арналған ескерткішті жасаған мүсінші - Валерий Пирожков, ал қола мүсіннің биіктігі 3,1 метр. 2008 жылы қаланың ең жайлы және перспективті аудандарының бірінде Шарль де Голль атындағы көшенің ашылуы - Астана мен Париж арасындағы тығыз байланыстың дәлелі. Оның айналасында орналасқан «Француз кварталы» және «Париж кварталы» тұрғын үй кешендері Астананың жүрегіндегі Францияның бір бөлігі іспетті.